(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕҢІЗ КЕМЕЛЕРІНІҢ ЖҮК МАРКАСЫ ТУРАЛЫ ҚАҒИДАСЫН БЕКІ...

Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 Бұйрығы

 

Осы редакция 2016 жылғы 4 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 3-тармағының 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің міндетін

атқарушысының

2011 жылғы 21 сәуірдегі

№ 214 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы

қағида

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағида (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және Кеме қатынасының тіркелімімен техникалық бақылауға жататын кемелердің су үсті бортының мақсатын, куәландыру және бортқа жүк маркаларын салу тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағиданың талаптары Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауына жататын мынадай жабық (палубалық) кемелерге қолданылады:

1) халықаралық рейстерде жүзетін, мыналарды қоспағандағы кемелерге:

ұзындығы 24 метрден кем жаңа кемелер:

жалпы сыйымдылығы кемінде 150 тонна қолданыстағы кемелер;

тасымалдаумен айналыспайтын серуенге арналған яхталар;

балық аулайтын кемелер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.